Астанада жол апатынан бетон араластырғыш көлік аударылып қалды

Астанада жол апатынан бетон араластырғыш көлік аударылып қалды
Фото: Видео кадры

Астанада жол апатынан кейін бетон араластырғыш көлік аударылып қалды. Жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбалардан бетон тасығыш жүк көлігінің соқтығыстан кейін бір жағына қарай аударылғаны көрінеді. Жол-көлік оқиғасы Жұмабаев көшесінде болған.

Howo маркалы бетон араластырғыштың жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде дәл сондай екінші көлікпен соқтығысқан. Соққыдан кейін жүк көліктерінің бірі жол жиегінде тұрған Toyota маркалы көлікке соғылған.

Қазір полиция апат дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл елорда жолдарында жүк көліктерінің қатысуымен болған алғашқы жол апаты емес.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget