Астанада жол апаты болған жерден жасырынған жүргізушілер ұсталды

Астанада жол апаты болған жерден жасырынған жүргізушілер ұсталды
Фото: Midjourney

Елордада жол апаты болған жерден жасырынған 138 жүргізуші ұсталды. Бұл туралы өңір полициясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Астанада жол апаты кезінде жасырынған 138 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық материал Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына қарауға жіберілді.

"Белгісіз жүргізуші Ұлы Дала даңғылымен Ш. Айтматов көшесіне қарай келе жатып, Hyundai Tucson маркалы көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан жасырынған. Соқтығысу нәтижесінде Hyundai Tucson бағанға соғылып, содан кейін қарсы бағытқа шығып, тағы екі көлікпен соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.

Жедел іздестіру іс-шаралары мен сыртқы бақылау камераларын талдау барысында жедел іздестіру тобының қызметкерлері көлік басқару құқығынан айырылған Lexus RX жүргізушісін ұстады.

Елордалық полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget