Астанада жоғары оқу орнының қызметкері қылмыстық схема ұйымдастырған: 18 адам сан соғып қалды

Астанада жоғары оқу орнының қызметкері қылмыстық схема ұйымдастырған: 18 адам сан соғып қалды
Фото: depositphotos.com

Астанада абитуриенттерді алдаған адам бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Астана қаласы прокуратурасы мәліметінше, жоғары оқу орындарының бірінің қызметкері университетке оқуға түсуге жәрдемдесемін деген сылтаумен қылмыстық схема ұйымдастырған.

Ол жалған мөрлер мен құжаттарды пайдалану арқылы 18 талапкердің сеніміне кіріп, оларды белгіленген қабылдау тәртібінен тыс жоғары оқу орнына оқуға түсіруге көмектесемін деп алдап, әрқайсынан 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақша алған.

Сот отырысы

Мемлекеттік айыптаушы басты сот талқылауы барысында айыпталушы қызметін пайдаланып, бірнеше рет алаяқтық жасағанын, сондай-ақ, жалған ресми құжаттар мен мөр дайындағанын толық дәлелдеген.

Сот үкімі

Сот үкімімен кінәлі адам 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Материалдық залал өндірілді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget