Астанада жоғары оқу орнына түсіруге жалған уәде берген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астаналық полицейлер жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деп уәде еткен алаяқты анықтады. Қала тұрғыны полицияға хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлаған.
Оның айтуынша, бейтаныс ер адам оқуға түсуге көмектесеміз деген желеумен оның 200 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп алған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 30 жастағы ер адам болып шыққан. Алаяқ өзінің байланысының бар екенін алға тартып, төмен балл жинағанына қарамастан талапкерге жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деп уәде берген.
Ақшаны алғаннан кейін алаяқ жәбірленушімен байланысын тоқтатқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!