Астанада жоғалып кеткен екі кәмелетке толмаған қыз Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана тұрғыны полицияға кәмелетке толмаған қызы мен жиенінің жоғалып кеткені туралы арызданған. Жеке құрам бірден балаларды іздеуге жұмылдырылып, олардың болуы мүмкін барлық жерлері тексерілді.
Астаналық полицейлер 15 жастағы жеткіншектердің Алматыға индрайвер тасымалдау көлігімен кеткенін анықтаған. Жалдамалы пәтерде түнеп шыққан жеткіншектерді келесі күні таңертең қаланы аралап жүрген жерінен полицейлер тауып алған.
Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен жоғалған жасөспірімдер анықталып, ата-аналары келгенше кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Олармен ата-аналарының қатысуымен алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізіледі.
Астана қаласы ПД ата-аналарға баланың мінез-құлқын бақылау қажеттігін айтып, олардың тәрбиелік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тиісті жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!