Астанада жоғалған 5 жасар бала аман табылды

Астанада жоғалған 5 жасар бала аман табылды
Фото: Polisia.kz

Астанада полицейлер жоғалған 5 жастағы баланы іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияға Сарыарқа ауданында 5 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Әкесі баласымен аулада серуендеп жүріп, бір сәтке назарын басқа жаққа бұрған кезде ұлын жоғалтып алған. Өз бетімен іздеп таба алмаған соң, дереу полицияға жүгінген.

Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарын бастады. Ювенал полиция, учаскелік инспекторлар, патруль жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты.

Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget