Астана әкімдігі құрылыс және тұрмыстық ірі көлемді қоқыстарды қайда шығару керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі көлемді қоқыстарды полигонға өз бетінше апаруы тиіс екенін еске салды.
"Ірі габаритті және құрылыс қалдықтары Алаш тасжолы, 73/2 мекенжайындағы "Солтүстік жотасы" алаңында жиналады. Алаңда кірпіш, асфальт, бетон қалдықтары сияқты құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу бойынша ұсақтау кешені орнатылған", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ заңды тұлғалар үшін құрылыс қалдықтарын қабылдау бойынша төмендетілген тариф қолданылады.
"Құрылыс қалдықтарын қабылдау тарифі ҚҚС-сыз (1 456 теңгеден бастап) тоннасына 1 300 теңге болып белгіленді. Жеке тұлғалар үшін 250 келіге дейінгі құрылыс қоқысын өтеусіз негізде тапсыру үшін қажетті жағдайлар жасалған", – деп нақтылады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Осылайша, үлкен көлемді және құрылыс қоқыстарын өз бетінше шығару керек, ал ол үшін арнайы машинаға тапсырыс беру керек.
Еске салайық, ірі көлемді қоқыстарға мыналар жатады: жиһаз (дивандар, кереуеттер, шкафтар немесе креслолар және т.б.), тұрмыстық техника (теледидар, тоңазытқыш және т. б.). Ең аз мөлшері – 50-де 50 сантиметр немесе одан да көп. Тіпті осы өлшемдегі тақта да ірі көлемді қоқыс болып саналады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!