Астанадағы Республика даңғылындағы жиһаз цехының жертөлесінен өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарыарқа ауданы Республика даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің ірге қабатында орналасқан жиһаз цехындағы қоймада өрт шықты.
ТЖД қызметкерлері адамдарды сыртқа шығарды.
"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 21 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқарды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін шамамен 80 адам өз бетінше далаға шықты", - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралармен өрт толығымен 50 шаршы алаңда сөндірілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!