- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада жекеменшік балабақшадан...
Астанада жекеменшік балабақшадан өрт шықты
Астанада "Шұбар" шағынауданындағы балабақшаның шатыры өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама бүгін сағат 15:29-да түскен.
"Өртсөндірушілер келгенде жекеменшік балабақшаның шатыры өртеніп жатқаны анықталды. Өртсөндірушілер дереу адамдарды іздеуге кірісті. Әкімшіліктің мәліметінше, өртсөндірушілер келгенге дейін барлық бала балабақшадан шығарылған", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов барлық балалар қауіпсіз жерге жеткізілгенін нақтылады.
"Тәлімгерлер дұрыс жұмыс істеп, балаларды сыртқа шығарған. Қазір барлау жүргізіліп, мән-жайы нақтыланып, сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағат 15:54-те ранг жарияланды", - деді Иманқұлов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек