- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада жеке үйге...
Астанада жеке үйге газ жүргізу қанша тұрады
Жеке үйді газға қосу – қымбат процесс болғанмен, көгілдір отынның құнын, сондай-ақ оның тұрақтылығын және пайдаланудың қарапайымдылығын ескере келгенде, өзін-өзі ақтайды. Астанада 8 мыңнан астам абонент табиғи газға қосылып үлгерді. Елорда аудандарына газ құбырының жаңа жеткізу желілерін салу кезекте тұр. Көптеген қала тұрғындары үйлеріне отынның жаңа түрін келетін сәтті күтуде. Елордадағы жеке үйге табиғи газды өткізу құны қандай болатынын айтып береміз.
Бірінші кезең – құжаттама және газдандыру жобасын әзірлеу
Алдыңғы мақалада айтқанымыздай, бірінші кезеңде жеке үйдің иесі Астанадағы газдандыру операторы – "ҚазТрансГаз Аймақ"АҚ-дан техникалық шарттар алуы қажет. Олар тегін беріледі. Оны алу үшін не қажет екендігі туралы толығырақ мына жерден көре аласыз.
Үй иесі құжаттарды өзі тапсыра алады немесе газбен жабдықтау бойынша мамандандырылған фирмаларға жүгіне алады. Бұл жағдайда барлық құжаттарды үй иесінің атынан мамандандырылған газбен жабдықтау фирмасының өкілі тапсырады, сондықтан үй иесінен сенімхат қажет болады және барлық көшірмелер нотариалды куәландырылуы керек.
Техникалық шарттарды алғаннан кейін мамандандырылған компанияда газдандыру бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілетін жұмыс жобасына тапсырыс беру қажет.
Қанша тұрады?
Атқарушылық құжаттама - 25 000 теңге;
Газдандыру бойынша жобаны әзірлеу - 30 000 теңге.
Барлығы - 55 000 теңге.
Фото: elements.envato.com
Екінші кезең – үйді газдандыру бойынша монтаждау жұмыстары
Бұл – жеке нысанды газдандырудағы маңызды және ең шығыны көп кезең. 200 шаршы метрлік үйді монтаждау шығындарының сметасы газ плитасын қосуын бірге есептегенде шамамен тмендегідей сомаға шығады.
Үйді газдандыру жұмыстары:
- газ құбырын төсеу, 30 м - 130 000 теңге;
- газ крандарын орнату, 3 дана - 30 480 теңге;
- СН4+СО газ анализаторын орнату, 1 дана - 24 990 теңге;
- СО газ анализаторын орнату, 1 дана - 11 340 теңге;
- тіректерді орнату, 1 дана - 18 000 теңге;
- газ есептегішін орнату, 1 дана - 13 350 теңге.
Есептегіштің өзін тегін алуға болады. Астана тұрғындарына ыңғайлы болу үшін есептегіштерді әкімдік Республика даңғылы, 24 мекенжайы бойынша "ҚазТрансГаз Аймақ" ғимаратында береді. Базарда оның құны орта есеппен 80 мың теңгені құрайды.
Барлығы - 229 000 теңге.
Қазандықты орнату және жылыту жүйесіне қосу:
- қазандықты орнату - 31 800;
- мұржаға арналған тесік - 22 300 теңге;
- түтін мұржасын орнату - 5 900;
- қазандықты крандар, сүзгі, құбырлар және т.б. материалмен орап байлау - 119 700 теңге.
Барлығы - 179 700 теңге.
Желдету:
- желдеткіш саңылау мен монтаждау - 22 000 теңге.
Газ жабдықтары мен материалдары:
- Оңтүстік Кореяда өндірілген газ қазандығы - 350 000 теңге (орташа нарықтық бағалар);
- коаксиалды түтін мұржасы, 1 дана - 23 000 теңге;
- икемді газ шлангісі, 2 дана - 8 400 теңге.
Барлығы - 381 400 теңге.
Жалпы сомасы - 867 100 теңге.
Фото: elements.envato.com
Айта кетейік, газбен жабдықтау қызметтерінің құны үйдің көлеміне, абоненттің газ жабдығын орнату үшін қаншалықты дайындалғанына байланысты.
"Егер газ жабдығын орнатуға арналған бөлмеде желдеткіштер, желдеткіш каналдар болмаса, онда "ҚазТрансГаз Аймақ" қабылдау актісіне қол қоймайды және үйді орталық газбен жабдықтауға қоспайды. Сондықтан тұтынушылар осы шарттардың барлығын қосымша шығындар жұмсай отырып орындауы керек. Бірақ бұл талаптарды сақтау қажет, өйткені олар үй тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызды", - деп атап өтті "ОТАНстройпроект" ЖШС директоры Нұрлан Фазылхан.
Үшінші кезең - газбен жабдықтау жүйесін іске қосу және қабылдау
Монтаждау жұмыстарынан кейін үйдің газбен жабдықтау жүйесін "ҚазТрансГаз Аймақ" ұлттық операторына пайдалануға беру қажет. Ол үшін үй иесі берілген техникалық шарттарға сәйкес атқарушылық-техникалық құжаттама пакетін ұсына отырып, ұлттық операторға қосылуға дайын екендігі туралы хабардар етеді. Бұл құжаттар пакетін мердігер ұйым бірінші кезеңде дайындайды.
Осыдан кейін екі күн ішінде "ҚазТрансГаз Аймақ" мамандары нысанға келіп, қабылдауды жүзеге асырады. Егер бүкіл жүйе құрылыс нормаларына сәйкес келсе және "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлерімен келісілсе, тұтынушы газ тарату жүйесіне қосылу үшін ұлттық оператордың қызметтеріне ақы төлеуі тиіс. Бұған газ тарату жүйесіне қосу, газды іске қосу, есептегішті бұғаттау кіреді.
Қанша тұрады?
"ҚазТрансГаз Аймақ"АҚ іске қосу-реттеу жұмыстары - 18 654 теңгеден және одан жоғары.
Осылайша, үйді толығымен газдандыру жұмыстары үшін оның иесіне жалпы сомасы шамамен 900 000 теңгеге шығады.
Газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған "100 игі іс" ауқымды акциясы аясында жүзеге асырылуда. 2023 жылы банк қаражаты есебінен Алматы мен Астанадағы аз қамтылған отбасылардың 230-ға жуық тұрғын үйлерін толықтай газға қосу, қаржыландыру жоспарлануда. Бұған дейін Halyk Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырған, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен кредит берудің жеке бағдарламасын іске қосқан болатын.
Серіктестік материал
Dinara