Астанада жеке тұрғын үй өртенді: зардап шеккендер бар ма?

Астанада жеке тұрғын үйлердің бірі өртке оранды. Құтқарушылар газ баллондарының жарылуының алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 8 желтоқсан күні Астана қаласында, Байқоңыр ауданында болды. Елордалық өртсөндірушілер жарылыстың алдын алып, өртті толығымен сөндіріп үлгерді. 

"Жалынға оранған үйден ТЖМ қызметкерлері бір газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Өрт 100 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Оралда үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен ер адам құтқарылғанын жазған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!