Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.
"2023 жылғы 6 желтоқсанда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК басшысын 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше, 5 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы жедел медициналық жәрдем станциясы директорының ұсталғанын растады. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жария етілмеді.
Айта кетейік, Астана әкімдігінің қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының сайтында мекеменің директоры Мұрат Оразбаев екені көрсетілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!