- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада жедел медициналық...
Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының директоры 2 айға қамауға алынды
Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.
"2023 жылғы 6 желтоқсанда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК басшысын 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше, 5 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы жедел медициналық жәрдем станциясы директорының ұсталғанын растады. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жария етілмеді.
Айта кетейік, Астана әкімдігінің қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының сайтында мекеменің директоры Мұрат Оразбаев екені көрсетілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан