- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада жедел жәрдем...
Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны қысқарғаны рас па?
Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Станция өкілдерінің айтуынша, елордада бригадалар саны азаймаған.
"Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ КК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жалған екенін ресми түрде хабарлайды. 2022 жылмен салыстырғанда биыл 15 тәуліктік бригада қосылды. Қауесетке сенбеуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Желідегі бригадалардың саны нормативтерге сәйкес келеді. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында барлық қажет кадрлық және техникалық ресурс бар", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек