Астанада жасөспірімдер бес баланы соққыға жыққан

Астанада жасөспірімдер бес баланы соққыға жыққан. Қолдарына кастет тағып алып төбелескендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Енді олардың заңды өкілдері де жауапқа тартылады. Ал зардап шеккен балалардың ата-аналары полицияға шағымданған. Өйткені жәбірленушілер ауруханаға барып, дәрігер көмегіне жүгінген.

"Оқиғаға қатысқан бір-бірін бұрыннан танитын барлық адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!