Астанада жасөспірімдер арасында төбелес шыққан

Астанада жасөспірімдер арасында төбелес шыққан
Фото: Видео кадры

Астанада жасөспірімдер арасында төбелес шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті жағдайға пікір білдірді.

"Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандарға қоғамдық орында бұзақылық жасау дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мектепте профилактика кеңесінің отырысы өткізілді. Жасөспірімдер мектепішілік есепке қойылып, жеке профилактикалық жұмыс жоспары бекітілді", - деді министрлік өкілі.

Материалдар кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget