Астанада жасөспірімдер 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен

Астанада жасөспірімдер 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен. Істің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёхадан күдіктілерге қатысты ақпаратты сұрады. Оның айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша екі адам қамауға алынған.

"Екі адам қамауға алынды. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын", – деп қысқа жауап берді ол.

Қылмыстық істерді тергеу барысында мәліметтер сирек жарияланады. Құқық қорғау органдары әдетте ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға болмайтынын ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада жасөспірім қыздың зорланып, өлтірілгені туралы хабарлаған болатын. Оның айтуынша, 18 қарашада 16 жастағы жасөспірімдер тобы ішімдік ішіп, кейін 16 жастағы қызды қатыгездікпен зорлап, өлтірген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!