Астанадағы тұрғын үйдің лифтінде жасөспірім балаға пышақпен шабуыл жасаған, кейінірек жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған ота жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде болған оқиғаның видеосы тарап кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана Полииця департаменті өкілдері оқиғаға пікір білдірді. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.
"Оның заңды өкілдері полицияға шақырылады, олар заңға сәйкес тәрбие міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қажет тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жасөспірім бірден белгіленген тәртіппен оқшауланады", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.
Дәрігерлер оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова