Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.

Оқиға орнынан кадр

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр", - деп түсіндірді Астана полиция департаментінің баспасөз қызмет өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!