Астанада жасөспірім аялдама әйнегін сындырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бөгенбай батыр даңғылындағы аялдамаға зақым келген. Тексеріс барысында құқық бұзған адам кім екені анықталды. Ол 17 жастағы жасөспірім болып шықты.
"Кешкі уақытта жасөспірім танысымен бірге аялдамада отырған. Оқиға орнынан кетер кезде ол аялдама әйнегін теуіп, салдарынан әйнек сынған. Осыдан кейін жасөспірім досымен бірге автобусқа отырып, оқиға орнынан кетіп қалған", - деді Астана ПД өкілі.
Жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова