Астанада жасөспірім 15-қабаттан секірмек болған

Астанада жасөспірім 15-қабаттан секірмек болған. 83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі сержант Ерік Ысқақов қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

20 тамызда қызметкер Астананың оңтүстік-шығыс шағынауданында тұратын туыстарына келген.

"Күтпеген жерден жиенім көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек болғанын айтып айқайлады. Мұны көріп, кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-ші қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым", - деді Ерік Ысқақов. 

35 жастағы әскери қызметкер Ерік Ысқақов - төрт баланың әкесі. Түркістан облысы Арыстың оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қатысқан болатын. Ол оқиғаға бей-жай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды.

gov.kz

Төменде құтқарушы мен жасөспірімді ТЖМ, полиция және медицина қызметкерлері күтіп тұрды. Сержант Ысқақов өз әрекетін ерлік деп санамайды, алайда жасөспірімді орны толмас қайғыдан құтқара алғанына қуанғанын жасырмады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз