Астанада жас жігіт ойын приставкаларын жалға алып, кейін сатып жіберген

Астананың Есіл ауданы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жас жігіт уақытша пайдаланамын деп, ойын приставкаларын жалға алып, кейін ломбардқа тапсырған. Тапқан табысты өз қажетіне жұмсаған. Кейін жәбірленушілермен кездесулерден қашып, олардың телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Полицейлердің айтуынша, ол бір фактімен тоқтамай, адамдарды алдауды жалғастырған. Сайттардан ойын приставкаларын жалға беру хабарландыруларын тапқан. Приставканың иелерімен хабарласып, жалға алған. Осылайша, құны 5 миллион тұратын жеті Playstation 5 ойын приставкасын алдап алған.

Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Заттай айғақтар ломбардтан тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!