- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Телефон ұрлығы
Астанада жас жігіт жаңа танысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген
Астанада жас жігіт жаңа танысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген. Ұрлық таңғы уақытта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арызданушы дәмханада жас жігітпен танысып, бірге дәмдес болып, кейін пәтер жалдаған. Таңертең оянса, жігіт те жоқ, Iphone да жоқ. Арызданушының ұйықтап жатқанын білген азамат оның телефонын ұрлап, еш қиындықсыз үйден шығып кеткен.
Қала тұрғыны телефонының ұрланғаны жөнінде сақшыларға шағымданған. Нұра ауданы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында қылмысқа 20 жастағы жас жігіттің қатысы бар екенін анықтады. Күдіктінің телефонды ломбардқа тапсырып жібергені мәлім болды. Осылайша, жәбірленушіге 500 мың теңгеден аса шығын келтірді.
Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды.
Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан