Дүйсенбі, 27 шілдеде Астананың бірнеше мекенжайында жарық пен ыстық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Электр қуатын ажырату бірнеше кесте бойынша жүзеге асырылады.
Тұрғын үйдің мекенжайына байланысты жарық сағат 08:30-дан 12:00-ге дейін , 08:30-дан 16:00-ге дейін, 08:30-дан 16:30-ға дейін, 09:00-ден 10:00-ге дейін, 09:00-ден 16:30-ға дейін болмайды.
Бұған электр желілерін күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары себеп болды.
Төмендегі мекенжайлар бойынша жарық болмайды 09:00-ден 16:00-ге дейін. Себебі — ағаштардың бұтақтарын кесу.
Сондай-ақ дүйсенбі күні кейбір үйлерде ыстық су өшіріледі. Келесі мекенжайлар бойынша су болмайды 08:00-ден 17:00-ге дейін. Себебі — учаскелердегі монтаждау және ревизия жұмыстары.
Ғабдуллин көшесі, 4/1, 6/1 және Иманбаев көшесі, 1 мекенжайларындағы үйлерде ыстық су болмайды сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!