Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Астанада көлік ұрлап, ірі жол апатына түсті. Салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның суреттері Threads желісінде жарияланды. Онда көлік екіге бөлініп қалғаны анық көрінеді.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 24 тамызға қараған түні болған.
"Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Changan Deepal S07 көлігін заңсыз иеленген. Ол қала ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналасындағыларға қауіп төндірген. Салдарынан үш адам зардап шеккен жол апаты болды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Көлік ұрлаған адам жарақат алмаған", – деді Полиция департаменті өкілдері.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!