"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 16 мамырда елдің 15 өңіріндеде үсік, найзағай және тұман болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде облыстың батысында 3 градус аяз болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, түнде облыстың шығысында 3 градус үсік болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Шымкентте 16 мамырда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысында найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Ал облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Астанада 3 градус үсік.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнайды.
Ақмола облысының батысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус үсік болады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында найзағай, бұршақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!