"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елордада 20 қазанға қарай жаңбыр аралас қар, көктайғақ және екпінді жел күтіледі, ал Алматыда жауын-шашын болжанбайды, күндізгі температура 20 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +12...+14 градус жылы болады.
19 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады деп күтіледі, жауын-шашын болжанбайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 7-12, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +12...+14 градус болады.
20 қазанда құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус жылы болады.
18 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +14...+16 градус болады.
19 қазанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.
20 қазанда тағы да құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +18...+20 градус болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз