Астананың Сарыарқа ауданында Шекарашылар күніне орай Сәкен Сейфуллин көшесінде салтанатты түрде мурал ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Муралдың биіктігі - 18 метр, онда шекара қызметінің белгілері көрініс тапқан.
"Оның композициясында ел шетіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекарашылардың маңыздылығын білдіретін әуе және теңіз кемелері үйлесімді бейнеленген".
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің ардагерлері мен басшылығы, сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Жиында "Астана" шекаралық бақылау басқармасының бастығы полковник Мақсат Ахметқалиев құттықтау сөз сөйледі.
"Қазіргі шекарашылар заманауи қару-жарақпен, технологиямен қаруланған, бірақ олардың жұмысында ең бастысы – патриотизм мен батылдық. Біз бұл қиын мамандықты таңдап, осы жолда Отанымызға, оның мемлекеттік шекараларын қорғауда абыроймен қызмет етуіміз керек. Мереке құтты болсын, шекарашылар мен Шекара қызметінің ардагерлері!" - деді полковник Мақсат Ахметқалиев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!