- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалған нөмір
Астанада жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталды
Астанада Nissan көлігінің жүргізушісі жалған нөмірмен көлік жүргізгені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 17 қарашада патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Тілендиев даңғылының бойында қолдан жасалынған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі тағылған Nissan маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеріс барысында жүргізуші типографиядан жасалған нөмір қолданғаны анықталды.
"Жүргізушіге қатысты ҚРӘҚБтК 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материалдар Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.
View this post on Instagram
Астана полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында ксенон шамдарын орнатқан 200 жүргізушіге айыппұл салынғаны хабарланған еді. Ақмола облысында заңсыз ксенон фарларын орнатуға бақылау күшейтіліп жатыр.
Жол қозғалысы ережелерінің 3,1-тармағына сәйкес егер сыртқы жарықтандыру құрылғылары көлік құралының конструкциясына сәйкес келмесе, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл фаралардың түріне, түсіне, орналасуына және жұмыс режиміне қатысты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек