Астанада Instagram-дағы видеосы үшін ер адам қамауға алынды

Астанада Instagram-дағы видеосы үшін ер адам қамауға алынды
Фото: Видео кадры

Астанада Instagram-дағы видеосы үшін ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы видео анықталған. Ер адам қоғамдық орында видео түсіру кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болған.

Кейін ол осы видеоны Instagram парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке қолжетімді еткен.

Полиция қызметкерлері оның кім екенін жедел анықтады. Құқық бұзған адам 26 жастағы тұрғын болып шықты.

"Күдікті 5 тәулікке қамауға алынды. Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді", - деді ІІМ өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget