Астана тұрғындары үшін 17-19 желтоқсан күндері "Хас шебер" фестивалі ұйымдастырылады.
Астана әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан "Жастар" сарайында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.
Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі.
Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.
Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызық ойындар ұйымдастырылады.
Материалды Астананың ішкі саясат басқармасы ұсынды
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!