Астананың үш тұрғыны интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізіп, жұртты алдаған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елорда полициясы интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен үш қылмыскерді анықтаған.
Өздерін дүкен қызметкері ретінде таныстырған күдіктілер тұтынушыларға телефон соғып, көлік ұтып алғандарын айтып, қуанышты хабарды жеткізген. Алайда көлікті алу үшін "комиссия" төлеу керек болады. Осылайша, алаяқтар Астана тұрғынын алдап, 420 мың теңгеден астам ақша аударып үлгерген.
Қазір олар интернеттегі алаяқтықтың бес оқиғасы бойынша күдікке ілігіп отыр. Сондай-ақ, қалада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!