Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы кісі өлтіргені үшін іздеуде болған.
Қылмыскерге Өзбекстан Республикасы Сурхандария облысы ІІБ іздеу жариялаған.
"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Елорда аумағында 11 сәуір мен 11 мамыр аралығында шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардың діни экстремизм мен терроризм жасауына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында "Бөгет" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр", - деді полицейлер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз