- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада халықаралық іздеуде...
Астанада халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды
Астанада жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық жасады деп айыпталған 36 жастағы ер адам қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ол 2022 жылғы қыркүйекте Ташкентте жергілікті тұрғынды Chevrolet Lacetti автокөлігін алып беремін деп алдап, 12 мың АҚШ долларын алған. Алаяқ өз қажетіне жұмсап жіберген ақшаны қайтармай, қылмыстық жауапкершіліктен қашып, Қазақстан аумағында бой тасалаған.
2023 жылғы мамырда Ташкент ішкі істер департаменті күдіктіні халықаралық іздеуге жариялап, сот бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу туралы шешім шығарған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан