- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада халықаралық іздеуде...
Астанада халықаралық іздеуде жүрген 3 адам сотталды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Халықаралық іздеуде жүрген 3 адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін 8 қылмыскер экстрадицияланды. Олар Астанада қылмыс жасаған. Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.
Telegram арқылы "мефедрон" психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол 2 жыл бойы іздеуде болған.
Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Келтірілген шығын - 85 млн теңгеден астам.
Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина