Астанада халық саны қалай өзгерді?

Астанада халық саны қалай өзгерді?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада халық саны 1,5 миллион адамнан асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша елордада 1 502 102 адам тұрады. Ал 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Астанада 1 490 740 адам болған. Осылайша, бір айда елорда тұрғындарының саны 12 мыңға жуық адамға өсті. Өсу қарқыны - 5,03 пайыз.

Былтыр 1 қазанда елордада 1 409 497 адам тұрған. 2024 жылдың басына қарай бұл көрсеткіш 1 430 105 адамға дейін өсті.

Ал 2024 жылдың 1 қазанында Алматыда 2 275 541 адам тұрды. Бір жыл бұрын мегаполис халқының саны 2 211 198 адам болды.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 1 қазандағы Қазақстан халқының санын жариялаған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек