Астанада жаңа жол учаскелері ашылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 25 қазаннан бастап Қ.Қайсенов көшесінде Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ашылды.
Сондай-ақ, 25 қазаннан бастап Қ.Аманжолов көшесінде Райымбек батыр көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта инженерлік желілерді жүргізу жұмысы аяқталды. Жиектастар орнатылып, жол негізі төселді.
28 қазаннан бастап Д.Қонаев көшесінде Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін көлік қозғалысы қайта жанданады.
Биыл 1 қарашада А62 көшесінде Астана-Қарағанды тасжолынан А91 көшесіне дейінгі учаскеде жұмысты аяқтау жоспарланып отыр.
5 қарашада Қ.Мұхамедханов көшесінің жаңа учаскесінде - Ш.Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін көлік қозғалысы ашылмақ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз