Астанада “Газель“ шұңқырға құлады

Астанада "Газель" көлігі құдық люгіне құлап кетті. Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-дағы пабликтердің бірінде көліктің шұңқырға кіріп кетіп, қозғала алмай жатқан видео жарияланды.

""Газель" көлігінің жүргізушісі ақауды байқамай, құдыққа құлап кетті. Шұңқыр дереу темірмен жабылып, ескерту лентасы қойылған, бұл басқа көліктерге қауіп төндірмейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шұңқырды бітеу және тақтаны ауыстыру жұмыстары 29 тамыз күні таңға жоспарланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!