Дүйсенбіде Астанада газ уақытша өшіріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоспарлы жұмыстарға байланысты дүйсенбі, 7 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін мына көшелерде газ беру уақытша тоқтатылады:
- ШГРП-36;
- Жанкент;
- Балқантау;
- Жаңаөзен;
- Таскескен;
- Айнакөл;
- Мерей орамы;
- Кеген;
- Сайрам;
- Шырайлы;
- Берен;
- Жұмабаев;
- Керуен;
- Аршын;
- Нұрмағамбетов;
- Марқакөл.
Бұл көше тұрғындарынан үйге кіретін газ құбырындағы сыртқы газды жабу сұралады.
"Жұмыстар аяқталғаннан кейін тұрғындарға газ беріле бастағаны туралы қосымша хабарлама жіберіледі", - делінген таратылған хабарламада.
Жұмыстар толық аяқталғанға дейін сыртқы газ крандарын өз бетіңізше ашуға болмайды. Өйткені бұл газ есептегіш құралдары мен газ жабдықтарының бүлінуіне әкелуі мүмкін. Барлық сұрақ бойынша Qazaqgaz Aimaq АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне мына нөмірлер арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 55-89-76; +7 705 597 02 04 (WhatsApp).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz