Астанада газ баллондарын тиеген жүк көлігі өртенді

Астананың Байқоңыр ауданындағы Бектау көшесінде газ баллондары тиелген жүк көлігі өртеніп, жарыла бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнына келген ТЖМ күштері мен құралдары бірнеше минут ішінде оқпанмен су беріп, баллондарды салқындату арқылы өртті сөндірді. Жақын жерде тұрған үш көлік өрттен зақымданды.

Құтқарушылар өрттің сегіз көлікке, жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына және 17-ден 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді.

Зардап шеккендер жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!