Астанада газ баллон жарылып, ер адам мен екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 тамызда Алматы ауданы Сарын көшесінде газ баллоны жарылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғаннан кейін қазандық бөлмесінде газ-ауа қоспасының өршігені анықталды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан үш адам: ер кісі және екі бала зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.
"Алдын-ала себеп бойынша, газдың ағып кетуіне байланысты электр қуатын тағы бір қосу процесінде газ-ауа қоспасы пайда болды. ТЖМ азаматтарды газ баллондарын пайдалану ережелерін қатаң сақтауға және оларға тек лицензияланған қызмет көрсету станцияларында жанармай құюды ескертті", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!