Астанада мектептің аумағындағы футбол қақпасы балаға құлады. Оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұны Астананың білім басқармасы растады.
"№10 мектептің аумағында футбол қақпасы 10 жастағы баланың үстіне құлады. Оқушы алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады ведомство.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Білім басқармасы марқұмның отбасына көңіл айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!