Астанада фитнес орталықтағы өрт кезінде 20 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Алматы ауданындағы Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты фитнес орталықтың жертөлесінде кабель тұтанған.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жеткен. Құтқарушылар жертөле қатты түтіндегенін анықтаған.
"Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 20 адамды эвакуациялады. Өрт аз уақытта сөндірілді. Тілсіз жау одан әрі тарауына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!