2024 жылы Астанада қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 238 сайт бұғатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы мәлімдеді.
"Өткен жылы "есірткілердің синтетикалық түрлері" бойынша есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 681 фактісі анықталды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес интернет-ресурстар саласында 31 қылмыстық іс қозғалды. Оның барысында 238 есірткі сайты бұғатталды",-деп атап өтті маман.
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 2024 жылдың есепті кезеңінде ПД бөлімшелері жыл басында есірткіге қатысты 1100-ден астам құқық бұзушылықты қозғады. 405 қылмыстық іс қозғалса, оның 283-і есірткі бизнесіне қатысы бар тұлғаларға қатысты. Заңсыз айналымнан 300 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!