Астанада полиция есірткіні жарнамалаған үш күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана аулаларының бірінде есірткіні заңсыз жарнамалап жүрген қала тұрғындарын ұстады. 30, 32 және 33 жастағы азаматтар адам көп жүретін - саябақтарда, скверлерде, аялдамаларда, үйлердің кіреберістеріне есірткі сайтының мекенжайын сызып белгілегені анықталды.
Олар Nissan cefiro көлігімен қаланы аралап жарнамалау жұмыстарын жалғастырған.
Аталған көліктерін тінту кезінде жазуы бар трафарет, есірткінің басы, аэрозоль бояулары, телефондар тәркіленді.
Осы дерек бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау, заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!