Астанада есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Елордада есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында есірткіні сақтап, таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды. Күдіктінің көлігін тексеру кезінде өзіне тән иісі бар сұрғылт-жасыл түсті зат салынған пакет, екі литрлік бөтелке және осындай зат толтырылған екі бес литрлік ыдыс табылған. Сондай-ақ, электрон таразы тәркіленді.

"Сараптама нәтижесі бойынша бұл заттар гашиш екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 келіден асады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!