Астанада есірткі сатқан медицина қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Басылым мәліметінше, полицейлер аурухананы тінту кезінде медицина қызметкерінің жеке шкафынан сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар 4 полиэтилен табылған.
Есірткілердің жалпы салмағы -240 грамнан астам гашиш.
"ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі көлемде өткізу немесе өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!