Астанада есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашамын деп жол апатына ұшырады

Астанада есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашамын деп жол апатына ұшырады
Фото: ІІМ

Астанада есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашпақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Chery көлігін тоқтатпақ болған. Алайда 25 жастағы жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тоқтамай, жасырынуға әрекет жасаған.

Қуғын барысында ол тұрғын үйдің ауласына кіріп, тұрақта тұрған екі көлікпен соқтығысқан. Одан кейін ер адам көлікті тастап, жаяу қашпақ болған, алайда полиция қызметкерлері оны ұстады.

"Көлікті тексеру барысында артқы орындығынан жасыл түсті оқшаулағыш таспамен оралған, ұнтақ тәрізді зат салынған орама табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес оның шамамен 500 грамм болатын Альфа-PVP есірткісі екені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget