Астанада ерекше балаларға қатысты видеосынан кейін блогер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде блогердің ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз сөздер айтқан видеосы тарап кеткен. Астана Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалған.
"Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп жазылған хабарламада.
Астана Полиция департаменті мұндай әрекеттер жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова