- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада ер адамның...
Астанада ер адамның полиция қызметкеріне пара бермек болған әрекеті видеоға түсіп қалды
Фото:
Tengrinews.kz
Астанада ер адамның полиция қызметкеріне пара бермек болған әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Патруль полиция полкі қызметінің инспекторы Сейфуллин көшесінде оқылмайтын нөмірге байланысты Toyota Estima көлігін тоқтатты (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 1-бөлігі).
30 жастағы жүргізуші қызметтік көліктің салонында отырғанда өзін жауапқа тартпау үшін алдыңғы орындықтардың арасына 10 мың теңге салған.
Полиция қызметкері қызметтік борышын атқара отырып, ақшадан бас тартқан, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы басшылығына және ӨҚБ-ға хабарлаған.
Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек